{metadescription}
Маңғыстауда жаттықтырушының қыздарды ұрғаны видеоға түсіп қалды

Маңғыстауда жаттықтырушының қыздарды ұрғаны видеоға түсіп қалды

Маңғыстаулық «жаттықтырушы» жарыс кезінде волейболдан қыздар командасының ойыншысын бетінен бірнеше рет ұрған сәті түсіп қалған видео әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жаттықтырушы Жаңаөзен командасының спортшыларына дөрекілік көрсеткен. Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы видеоға қатысты түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында Н.Г. Вахтинаны еске алуға арналған волейбол жарысы кезінде болған. Спорттық жарыс карантин талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылған.

«Оқиғаға қатысы бар Азамат Тұрмағамбетов Жаңаөзен қаласы N 3 орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Ол жаттықтырушы емес. Жарысқа оны ешқандай ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты. Аталған оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайтын болады», - деді басқарма.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде