{metadescription}
Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысында әкім жол апатынан көз жұмды

Ақмола облысында ауыл әкімі жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

14 желтоқсан күні сағат 23:30-да Атбасар аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарласып, «Екатеринбор-Алматы» тасжолының бойында, Атбасар қаласынан 20 шақырым жерде жол-көлік оқиғасы болғанын айтқан.

«Алды ала мәліметтер бойынша, «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Солай, «ВАЗ-21214» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көліктің 51 жастағы жүргізушісі, Державинск қаласының тұрғыны алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Қазір осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. «DAF» жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда. Қаза болған ер адам - Мирасхан Балғабекұлы Мұратов - Ақмола облысының Жақсы ауданы Тарасовка селолық округінің әкімі. Аудан әкімдігі бұл мәліметті растады. М.Мұратов 1969 жылғы 10 мамырда дүниеге келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде