Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көшеден табылған сәбиді балалы бола алмаған отбасы қамқорлығына алды
Қыркүйекте анасы көшеге тастап кеткен баланы сәби сүйе алмай жүрген отбасы қамқорлығына алды.
15:02 20.12.2020
Ал баланың биологиялық анасы әлі табылмады. Жаңаөзенде көшеден табылған баланы ұзақ жыл бойы сәби сүйе алмаған отбасы қамқорлығына алды. Анасы тастап кеткен бала жайлы Маңғыстаудың мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері Сара Ермұханова айтып берді.
"Асырап алатын отбасы нәрестені алғаш рет көруге келгенде бәріміз көз жасымызды тыя алмадық. Бұл кездесуде адамның тағдыры шешілді. Бұл отбасы көп жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген. Анасы тастап кеткен бала туралы жаңалықтардан естіп, бірден асырап алғысы келген екен", - деді ол.
Ермұханованың айтуынша, әзірге отбасы сәбидің тек қамқоршысы болады. Әдетте қамқоршы болған отбасы асырап алушы атанады. Айта кетейік, 11 қыркүйекте Жаңаөзен көшелерінің бірінен жергілікті тұрғындар анасы тастап кеткен сәбиді тапқан. Ауруханаға жеткізілген кезде сәбидің жағдайы ауыр деп бағаланды, дене қызуы 31 градус болды. Соған қарамастан дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалды.
Бір ай ішінде нәрестені жасанды жолмен тамақтандырды, ол бір келі салмақ жинады. Содан кейін дәрігерлер сәбиді нәрестелер үйіне ауыстыруға шешім қабылдады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбидің биологиялық анасы әлі күнге дейін табылған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram