{metadescription}
Бүгін елордада барлық шыршаның шамы жағылады

Бүгін елордада барлық шыршаның шамы жағылады

Астанада "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы басталады, оған кез келген адам фото немесе видео түсіру арқылы қатыса алады.

Нұр-Сұлтанда бүгін, 22 желтоқсанда қаладағы жаңажылдық шыршалардың шамы жағылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"22 желтоқсан сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңажылдық шыршасы жанады. Қала аумағында олардың саны 30-дан асады. Карантинге байланысты азаматтар іс-шараларға жаппай қатыспағаны, санитарлық нормаларды қатаң сақтағаны дұрыс",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсан сағат 20.00-де өз үйіндегі шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды.  Кез-келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Бұдан бөлек, Жаңа жыл қарсаңында елордалықтар үшін бейнеқұттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, отандық эстрада жұлдыздары, әртістер және тағы басқалары қатысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде