Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Иесінің қабірін күзеткен ит желі қолданушыларының жүрегін елжіретті
Алматы облысында қайтыс болған иесінің қабірін күзетіп жүрген ит желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
15:34 22.12.2020
Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тараған видеода иттің зират маңында бірнеше күннен бері жатқаны байқалады. Ал құлпытаста 60 жастағы қарияның биыл қазан айында қайтыс болғаны көрінеді. Видео авторы қожайынының қабірін күзетіп, иесіне адал болып қалған ит туралы айтады. Зират Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының жанында орналасқан.
"Мұнда ешкімді жібермейді, қарғалар мен түрлі құстарды иесінің қабірінен қуады. Жақсы ит. Бұл нағыз дос. Адал, жақсы ит", - дейді видео авторы.
Видеоны кім және қашан түсіргені әлі белгісіз. Зиратта қар жатқанын ескерсек, оның видеоның жақында түсірілгенін түсінуге болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram