{metadescription}
Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен полицей жұмыстан қуылды

Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен полицей жұмыстан қуылды

Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфи жасаған полицей жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Шымкент полициясы ауыр қылмыс жасаған күдіктімен селфиге түскен полицейге қатысты қызметтік тексеріс басталғанын айтқан еді.

"Сурет күдіктіні полиция бөлімшесіне жеткізу кезінде қызметтік көлікте түсірілген. Департамент басшылығы учаскелік инспектордың бұл әрекетін офицерге лайықсыз деп бағалады", - делінген хабарламада.

Қызметтік тексеріс нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен полицей өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарағаны, қызметтік дисциплинаны бұзғаны және Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен алынды.

Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болған сәті видеоға түсіп қалған еді. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қылмысы дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде