Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұшақ апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды
Техас штатының Гранд Прери қаласында шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.
19:13 22.12.2020
Жергілікті полиция қызметінің дерегінше, дүйсенбіде сағат 14:54 шамасында Гранд Преридің өрт сөндіру қызметі шағын жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар алған. Расталған мәліметтерге сәйкес, екі адам опат болды
«Ұшақ Дентоннан (Техас штаты) ұшып шығып, Гранд Прейри муниципалды әуежайына қонған. Алайда әуеге қайта көтерілген ұшақ бірнеше минуттан соң құлады», – делінген қалалық әкімшіліктің сайтында.
NBC телекомпаниясының хабарлауынша, бортында екі адамы бар ұшақ телефон бағанасын іліп кеткен. Ол шамамен 500 фут (152 м) жүріп өтіп, автомобильге соғылған. Апат кезінде көлік ішінде болған адам ауруханаға жеткізілді. АҚШ федералды азаматтық әуе басқармасы оқиға бойынша тергеуді бастады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram