Алматыда «Совмин» ауруханасынан өрт шықты
Алматыдағы орталық қалалық клиникалық аурухана өртеніп жатыр.
Фото: almaty_tjd/Instagram
17:02 29.12.2020
«Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 139 үй - мекен-жайы бойынша шақырылған жерге жетті, өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде үш қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан», - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына жедел топ пен 109 құтқару қызметiнiң эвакуаторлары жiберiлдi. Өрттi cөндipy үшiн 3 әскери учаске құрылып, ғимараттың iшiнде адамдардың бар-жоғына барлау жүргiзiлдi. Ғимараттың оңтүстiк-шығыс жағындағы өрт оқшауланды. Сумен үздiксiз қамтамасыз етiліп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!