{metadescription}
Ақтөбедегі кен орнында 4 жұмысшы көз жұмды

Ақтөбедегі кен орнында 4 жұмысшы көз жұмды

Ақтөбенің Хромтау ауданындағы кен орнында төрт жұмысшы көз жұмды.

30 желтоқсан күні сағат 21: 21-де Хромтау аудандық өрт сөндіру бөлімінің пультіне Көктау кентінен 30 шақырым жерде орналасқан «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің «Весенняя Аралчинская» шахтасында жарылыс жұмыстары жүргізілгені, сол кезде төрт жұмысшының қаза болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнын барлау кезінде 4 жұмысшының қаза тапқаны және бір адамның зардап шеккені анықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмысшыны медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның себебі анықталуда. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары С.Бекбергенов және ТЖД қызметкерлері шықты», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.