Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көшкін жүріп, он екі адам жоғалып кетті
Көшкіннен аман қалғандарды тікұшақпен іздеп жатыр, апат орнына елдің премьер-министрі келді.
12:06 31.12.2020
Норвегияның Румерике аймағында сәрсенбі күні көшкін жүрді. Он беске жуық үй балшықтың астында қалып, 12 адам із-түссіз жоғалды, бір жарым мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Ослодан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан Румерике аймағында сәрсенбіге қараған түні көшкін жүрді.
Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, он екі адам хабар-ошарсыз кетті. Олар көшкіннің салдарынан құлаған үйлерде тұрған. Округте 1,5 мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, полиция аман қалғандарды іздеп жатыр. 30 желтоқсан күндіз оқиға орнына Норвегия премьер-министрі Эрна Сульберг келді. Ол барлық зардап шеккендер мен баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram