Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Күйші Мұсайып Хұсайынұлы өмірден өтті
Күйші, сазгер, дирижер, Қазақстан және Моңғолия композиторлар одағының мүшесі Мұсайып Хұсайынұлы өмірден өтті.
15:16 31.12.2020
Ол Моңғолиядағы қазақтар тарихында алғаш рет опера, балет, симфониялық шығармалар жазып музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер. 100-ден астам авторлық және халық ән-күйлері мен классикалық шығармаларды оркестрге өңдеп түсірген. Дүниежүзі қазақтарының III-V Құрылтай делегаты.
«Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын! 30.12.2020 жылы 80 жасында ауырып қайтыс болды», - деп көңіл айтты Ботагөз Уатқан Facebook-те.
Марқұмның жаназасы 2021 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылында өтеді.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram