{metadescription}
Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды

Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде жол апаты болды.

Апат салдарынан көліктің жолаушысы жарақат алды. Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Mercedes E-Class Рысқұлов бойымен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Көпірде жүргізуші бір жолақтан екіншісіне ауысуға шешім қабылдап, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.     

Көлік бірнеше рет айналып, содан кейін бар жылдамдықпен Lexus RX-350-ге соқтығысқан, ол да батысқа қарай бара жатқан. Жол апаты салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шекті. Көліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде