Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда ер адам әскери бөлімнен қашпақ болған
Ақтауда әскерге шақырылған ер адам скери бөлімнен қашып кетуге тырысты.
18:34 31.12.2020
Оқиға 30 желтоқсанда әскерге шақырылушыларды автобусқа отырғызып жатқан кезде болған. Жастардың бірі әскерге шақыру орнының қақпасынан қашып шыққан. Әскери комиссариаттың екі қызметкері оның соңынан қуады, бірақ қуып жете алмаған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.
Ақпараттарға сүйенсек, әскерге қабылдау бекетінен қашпақ болған жас жігітті полиция қызметкерлері ұстаған. Қашқынды Ақтау полиция бөлімінің "Сұңқар-9" патрульдік полиция батальонының экипаж мүшелері ұстап алып, жас жігітті әскери комиссариатқа қайтарып берді. Кейінірек қашуға тырысқан ер адамның әскери қызметке жіберілгені белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram