Exit Poll нәтижелерін оқыған спикер партия атауынан қате жіберді
10 қаңтарда елімізде өткен Парламент мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты жүргізілген Exit Poll-дың нәтижесін оқыған "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова қазақстандықтардың күлкісіне қалды.
09:00 11.01.2021
Өз сөзінде ол "Nur Otan" партиясын атауын жаңылысып, "Нұрсұлтан" партиясы деп атады. Әлеуметтік желі қолданушылары Exit Poll зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитованың бұл сөзін қызу талқылауда. "Nur Otan" партиясының атауынан жаңылысқан ол халықты күлкіге қарық қылды.
Айта кетейік, "Қоғамдық пікір" ұйымының сауалнамасының нәтижелерін сүйенсек, "Nur Otan" (71,97%), "Ақ жол" (10,18%) және "Қазақстанның Халық партиясы" (9,03) Парламент мәжілісіне жолдама алған. Мәжіліске өту үшін сайлауда 7% шектік көрсеткіштен жоғары дауыс жинау қажет.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!