{metadescription}
Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарына дауыс беру басталды

Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарына дауыс беру басталды

Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясына ұйымға мүше республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары қатысып жатыр.

Елодадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының атынан сайланатын депутаттарға дауыс беру басталды. Сайлауда санитарлық талаптарды сақтауға баса назар аударылып отыр. Дауыс беретін адамдардың арасы 1,5-2 метр болуы шарт. Бетпердені кию міндеттеліп, сайлау учаскесінде антисептиктер қойылған. Келушілердің дене қызуы да өлшенеді.

Тәртіпке сәйкес, ұйымға мүше адам бюллетеньмен дауыс береді. Осы жолы алдымен Атырау облысын дауыс беруге шақырды. Одан кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының өкілдерін, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Ақмола мен Ақтөбе облысының делегаттары дауыс берді. Содан кейін Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы, ал ең соңында Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанның өкілдері өз таңдауын жасайды.

ҚХА сессиясына ұйымға мүше республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің делегаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстанда тіркелген халықаралық бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.