Оралда гараждағы өрттен әйел адам көз жұмды
Оралда гараж өртеніп, әйел адамның мүрдесі табылды.
17:25 16.01.2021
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 15 қаңтар күні сағат 23.15-те М.Шолохов көшесі, 50/1-мекенжайында болды. «Победа» гараж кооперативінде аумағы 40 шаршы метрді қамтыған гараж отқа оранған. Өрт орнынан әйел адамның мүрдесі табылды. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 12 адам, 4 техника жұмылдырылып, сағат 00.43-те толық сөндірілді.
Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметінің өртті зерттеу зертханасы жұмыс істеді. Өрттің себебі мен кінәлілерді анықтау үшін материал полицияға тапсырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!