Ғалымдар коронавируспен ауырғандар қашан вакцина салғыза алатынын айтты
Ресейдің Н.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбур коронавирустан жазылып шыққан азаматтар вакцинаны қашан салдыруға болатынын айтты.
17:04 17.01.2021
"Науқас толық емделіп шығу керек, жазылып шыққаны зертханалық жолмен дәлелденуі қажет. Яғни норма бойынша – екі немесе үш рет жасалған ПТР-талдау нәтижелері теріс болуы шарт. Содан кейін адам физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі керек", - деді Гинцбург.
Ресейлік ғалымның сөзінше, індеттен жазылып шыққан уақыт пен екпе егу арасындағы уақыт шамамен екі-үш айдан асу керек. Ал егер науқас коронавируспен жеңіл түрде ауырып шықса, ағзада вирустың жоқтығына көз жеткізген бойда екпе салдыра беруге болады.