{metadescription}
Сарапшы телефонға код қоюдың ең сенімді әдісін атады

Сарапшы телефонға код қоюдың ең сенімді әдісін атады

Смартфонды алаяқтардан қорғаудың бірнеше тәсілі бар.

Ресейлік IT-маман Даниил Чернов қай әдістің сенімді екенін айтты. Сарапшы деректерді аутентификациялау екі қағидат бойынша жүргізілетінін алға тартты. Бірінші жағдайда телефонның құпия коды ретінде сандар мен сызбаларды қолдануға болады. Алайда оны оңай тауып алуға болады. Осы тәсілді таңдаған жағдайда басқа жүйелердің пароліне сәйкес келмейтін күрделі сандық немесе графикалық комбинацияларды ойлап тапқан дұрыс.

Ал екінші жағдай биометриялық деректерді пайдаланып экранның құлпын ашуға негізделген. Оны дауыс арқылы, бет және саусақ ізін сканерлеу арқылы ашуға болады. Черновтың түсіндіруінше, бұл әдіс бірінші тәсілге қарағанда әлдеқайда сенімді. Өйткені телефон тек бір адамға ғана ашылады.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.