{metadescription}
Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

Алматы «Метрополитен» КМК басшылығына Сағындық Телібаев тағайындалды.

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов жаңа басшыны ұйым қызметкерлеріне таныстырды. Сонымен қатар, ол қала әкімі метрополитеннің алдына бірқатар нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасының жақсаруы, қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, жолаушылар ағынының артуы. Сондай-ақ, ол Сағындық Телібаевтың тәжірибелі менеджер, көлік саласында мол тәжірибесі бар екенін тілге тиек етті. Жалпы метроны одан әрі дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сағындық Телібаев метрополитендегі еңбек жолын «Алматыметрокрылыс» АҚ күрделі құрылыс басқармасының техникалық инспекторы болып бастады. Кейін күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері, Алматы қаласының «Метрополитен» КМК техникалық бөлімінің жетекші инженері болды.

Мемлекеттік қызметте ол Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында жол инфрақұрылымы бөлімінің маманы болып бастады. Тәжірибелік барлық баспалдақтан өтіп, соңғы бірнеше жылда қалалық мобильділік кеңсесінің бастығы болып жұмыс істеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде