{metadescription}
Коронавирусты ерте анықтау әдісі табылды

Коронавирусты ерте анықтау әдісі табылды

Смарт-сағаттар коронавирустың белгілері шықпай жатып, вирусты жұқтыру жағдайын жеті күн бұрын анықтай алады.

Бұл туралы CBS News-ке сұқбат берген америкалық ғалымдар айтты. Зерттеушілер өткен жылғы 29 сәуір мен 29 қыркүйек аралығында бақылаулар жүргізді -  Нью-Йорктегі Маунт-Синай емханасының 300 қызметкері COVID-19 диагнозын ерте қою үшін үш түрлі компанияның смарт-сағатын қолданды.

Гаджеттердің көмегімен жүрек соғуының өзгергіштігі, яғни екі жүрек циклінің басталуы арасындағы интервалдардың өзгеруі зерттелді. Бұл көрсеткіш иммундық жүйенің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.Мәселен, жүрек ырғағының өзгеруі төмен болса, яғни, екі жүрек циклының арасы қысқарса,  коронавирус жұқтыру ықтималдығы артады. Ал екі жүрек циклының интервалының ұзаруы адамның жүйке жүйесі белсенділігін және күйзеліспен күресу қабілетін көрсетеді.

Ғалымдардың айтуынша, смарт-сағаттар жөтел мен қалтырау сияқты коронавирустың негізгі белгілері шықпай жатып, вирусты жұқтыруды алдын ала анықтай алады. Зерттеушілердің сөзінше, инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылардан жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, "ақылды" сағаттар импульстің жоғарылауын және типтік емес өзгергіштіктің пайда болуын тіркей алады.

Ал Стэнфорд университетінде тағы бір зерттеу жасалды. Сол кезде коронавирусқа шалдыққан адамдардың 81 проценті тест-сынамасын тапсырғанға дейін тоғыз күн бұрын жүрек ырғағының өзгергенін байқаған. Осы тәжірибеге қатысушылар смарт-сағат пен трекер таққан. Басында жЖүректің жиырылу кезеңдерінің арасындағы интервалдың қысқарып, кейін ауру белгілері байқалатынын көрсетті.   

Айта кетейік, бұған дейін зерттеу аясында мобильді қосымшаның көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен төрт миллионнан астам қатысушының деректері талданған. Ғалымдар COVID-19 салдарынан жүректің жиырылу кезеңдері тұрақсыз немесе тым жоғары жиілікпен болатынын байқаған болатын.  Ал тамырдың соғуын қателіксіз өлшеу үшін бес минуттай демалған дұрыс. Тамырдың қалыпты соғуы - минутына 60-100 рет.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.