Алты облысыта дауылды ескерту жарияланды
23 қаңтарда Қазақстанда қатты аяз болады деп күтілуде.
19:46 22.01.2021
Қазгидромет синоптиктері ауа температурасының төмендеуіне, боран мен тұманға байланысты алты облыста дауылды ескерту жариялады.
23-24 қаңтарда түнде Ақмола облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 38 градус аяз болады. Көкшетауда 23-24 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
23 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Атырауда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
23 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метр болады. Қызылордада 23 қаңтарда күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні секундына 15-20 метр болады.
23-24 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде кей жерлерде 40 градусқа дейін қатты аяз болады. Петропавлда 23 қаңтарда түнде ауа температурасы 32-34 градусқа дейін төмендейді, 24 қаңтарда түнде қатты аяз 37-39 градус болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!