{metadescription}
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан алты адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан алты адам қайтыс болды

Пандемия басталғалы Қазақстанда 183 999 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 527 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирустан 6 адам қайтыс болды, пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Бір күн бұрын коронавирустан 11, пневмониядан 5 адам қайтыс болғаны хабарланған болатын. 29 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 520 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 6 571 пациент стационарда, 20 949 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастардың арасында 268 адамның жағдайы ауыр, 54 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 42 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1 469 адам инфекция жұқтырды, 59 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы Қазақстанда 183 999 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 527 адам қайтыс болды. 47 717 адам пневмонияға шалдықты, 564 адам көз жұмды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.