Денсаулық сақтау вице-министрлері алғашқылардың бірі болып вакцина салдырады
1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы Ресей Федерациясында өндірілген "Спутник V" вакцинасын егу науқаны басталады.
18:40 31.01.2021
Вице-министрлер алғашқылардың бірі болып вакцина салдырады. Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алады. Естеріңізге салайық, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті вакцинациялау науқаны басталады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ресейлік Спутник V вакцинасының 20 мың доза көлемінде бірінші партиясы Қазақстанға келді және аймақтарға таратылады. Вакцинаны тек ҚР кәмелеттік жасқа толған азаматтары ғана ала алады. КВИ-ға қарсы вакцинация 2021 жылдың соңына дейін жалғасады, оған 6 млн адам қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары