Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да оқушы жылыту батареясына қысылып қалған
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында 11 жасар бала үйді жылыту батареясына қысылып қалып, күйік алды.
11:11 01.02.2021
Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жеткіншек ата-анасымен бірге шаңғы базасынан үйге келіп, батареяға жылынбақ болған.
"Кенеттен оның қолы тайып кетіп, батареяның айырықтары арасында қысылып қалған. Туыстары оған көмектесуге тырысқанымен ешнәрсе істей алмаған. Құтқарушылар бөлімшесі өтініш түскеннен кейін жедел көмекке келді, қызметкерлер қысылып қалған балаға көмектесті. Содан кейін жедел жәрдем қызметкерлері баланың қолын емдеді. Баланың қолының шынтақ бөлігін күйік шалған", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, бала ауруханаға жатудан бас тартқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram