Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан жеткізілетіні белгілі болды
Қазақстанда Pfizer коронавирусына қарсы вакцина 2021 жылдың екінші жартысында пайда болуы мүмкін.
12:00 01.02.2021
Денсаулық сақтау министрлігі америкалық өндірушімен Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды. Денсаулық сақтау вице-министрі - Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың айтуынша, Pfizer-ді Қазақстанға жеткізу туралы алдын ала келісімдер бар.
"Pfizer вакцинасы қазақстандықтарға екінші жартыжылдықтан кейін қолжетімді болуы мүмкін. Pfizer компаниясымен алдын ала уағдаластықтар бар, меморандум бекітілген, егжей-тегжейлі сұрақтар келіссөздер деңгейінде", - деді вице-министр.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Pfizer вакциналары жетпей жатыр, компанияның өзге елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмеген мәселе болып тұр.
"Ол вакцина -70 градуста сақталуы керек, барлық тетіктері әлі талқыланады", - деді Ерлан Қиясов.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram