Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның бір өңірде оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқу форматына көшті
Атырау облысы бас санитар дәрігерінің 21 қаңтардағы қаулысына енгізілген толықтырулар бірінші ақпаннан күшіне енді.
12:34 01.02.2021
Атырау облысында бірінші ақпаннан бастап оқушы саны 300-ге дейін жететін мектептер дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысын жазылған. Құжатқа сәйкес, облыстағы оқушы саны 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі форматқа көшеді, сыныптарда бала саны 15 оқушыдан аспауы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар ата-ананың өтініші бойынша оқиды. Оқушы саны 15 баладан аспау талабы сақталады. Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды. Пәндердің 70%-і штаттық режимде, 30%-і қашықтан оқытылады.
Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) 1-курс студенттері мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері штаттық режимде білім алады. Айта кетейік, қазір Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақта тұр.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram