{metadescription}
Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды

Тоқаев жүргізушілердің құжатсыз жүруіне рұқсат беретін заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жүргізушілерге жүргізуші куәлігін және техникалық төлқұжатын өзімен бірге алып жүрмеуге рұқсат беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Түзетулер жүргізушіні куәлігін немесе техникалық төлқұжатын үйде ұмытып кеткен жағдайда айыппұлдан босатады. Полиция қызметкері тоқтатқан жағдайда жүргізуші тек жеке куәлігін ғана көрсете алады, жеке куәлік бойынша полиция қызметкері планшеттің көмегімен қалған құжаттарды өзі тексеретін болады. Сонымен қатар, қолында жүргізуші куәлігі мен көлік құралының тіркеу туралы куәлігі жоқ болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік те жойылды.

Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде