{metadescription}
0:000:00

Жандарбек Бекшин вакцина салдырды

Бүгін Алматыдағы №5 қалалық ауруханада денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары вакцина салдырды.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин және қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы Спутник V» вакцинасын салдырды.

«Мен мүлдем уайымдап тұрғаным жоқ. Себебі аталған вакцина қауіпсіздіктің бірінші кезеңінен сәтті өтті. Ресейде екі миллионнан астам адам вакциналанды. Сондықтан, алаңдаушылық жоқ. Бұл вакцинаның сапасына, тиімділігіне еш күмән келтірмеймін», - деді Жадарбек Бекшин вакцинация алдында.

Сонымен қатар, ол қазақстандық вакцина QazCovid-In клиникалық сынақтардың тағы бір кезеңінен өтіп жатқанын айтты. Еске салайық, бірінші кезеңінде вакцина инфекциялық аурулардың жедел медициналық көмек, жансақтау, қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері мен санитарлық эпидемиология қызметкерлеріне салынады.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері, медициналық қызметкерлерге егіледі. Үшінші кезең 1 сәуірден басталады. Ол кезде мектеп, интернат мұғалімдері, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, студенттер мен созылмалы ауруы бар науқастар қамтылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.