{metadescription}
Қазақстандықтар кез келген нысанға QR код бойынша кіргізілетін болады

Қазақстандықтар кез келген нысанға QR код бойынша кіргізілетін болады

Қазақстандықтар ПТР тесттен өткен-өтпегендігі және оның нәтижесі бойынша түс-түске жүктелетін болады.

Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы деректерді бақылау және талдау үшін Ashyq қосымшасы жасалғаны туралы хабарланды. Бұл қоғамдық орындарға баруды қамтамасыз ету үшін қажет, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бұл жоба карантиндік шаралар кезінде қызметіне шектеу қойылған бизнес өкілдері арасында (spa-орталықтар, фитнес орталықтар, кинотеатрлар) пилоттық режимде іске асуда. Егерде осы орталықтарға баратын болсаңыз міндетті түрде QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсетуге тура келеді. Бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлініп, ПТР тесттің нәтижесі бойынша көрсетіліп тұратын болады. Әр түстің мағынасы төмендегідей:

  • Қызыл түс – қозғалысты шектеуді, карантиндік шараларды қатаң сақтап, үйде оқшаулануды білдіреді.
  • Сары түс – көпшілік жерлерде қозғалысына шектеу қойылу, яғни азық-түлік дүкендеріне және өзі оқшауланып жатқан жерден 500 метрге дейінгі жерде орналасқан дәріханаға баруға ғана рұқсат етілген адамдар.
  • Көк түс – ПТР тест міндетті (мысала әуежайда) жерлерден басқа орындарда шектеу қойылмайтын жандар.
  • Жасыл түс – Ешқандай шектеу жоқ адамдар. Бұл адамдарда ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

"Адамдарды түске бөлу бизнеске өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік береді. Смартфон болмаған жағдайда, қосымшада үйге кіруді басқаратын, келушінің мәртебесін тексере алатын қызметкерлерге арналған функция бар. ЖСН арқылы немесе жеке куәлікте орналасқан штрих-кодты сканерлеу арқылы", - деп түсіндіреді баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде