{metadescription}
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар шетелге шықса, ПТР-тест тапсыра ма

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар шетелге шықса, ПТР-тест тапсыра ма

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін шетелге шығу тәртібін түсіндірді.

"Қазақстаннан ұшып шығатын адамдарға ПТР-тест тапсыру міндеті қойылмайды. Бірақ сіз қай мемлекетке барасыз, барлығы сол елдің тәртібіне байланысты. Егер олар ПТР-тест талап етсе, онда алып бару керек", - деді Қиясов журналистерге берген сұқбатында.

Дегенмен, вакцинация басталғалы бері көптеген мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алған адамдарға қатысты ерекше режимді енгізу мәселесін қарастыруға кірісті.

"Біз де вакцинацияны электронды түрде тіркеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Электронды төлқұжат болады. Оған енгізілген мәліметтер ақпараттық жүйеде болады. Соның арқасында вакцинация жасау шараларын қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Себебі коронавирусқа қарсы вакцинаны салу екі кезеңнен тұрады. Әйтпесе, адам бір дозасын алып, екіншісіне келмей қалуы мүмкін. Ондайда вакцинаның тиімділігі төмендейді. Негізі, екі дозасын алу керек", - деп атап көрсетті Қиясов.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.