{metadescription}
Вакцина салдырған адамға темекі шегіп, алкоголь ішуге болмайды

Вакцина салдырған адамға темекі шегіп, алкоголь ішуге болмайды

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов вакцинациядан кейін қандай қателіктер жасамау керектігін айтты.

Жанама әсер әр адамда әртүрлі болатынын айтты Тимур Мұратов. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ауырсыну қалыпты жағдай екенін жеткізді ол. 

"Вакцина салғаннан соң үш күн ішінде темекі шегуге, алкоголь өнімдерін тұтынуға болмайды. Қандай вакцина салса да, ол әр адамға әртүрлі әсер етеді. Инъекция салынған жер қызарып, бөртуі мүмкін. Ауырсынуы мүмкін. Кейбір адамдарда ағза бірден реакция береді. Адам ағзасына байланысты жанама әсерлер алдын ала есепке алынады. Сондықтан вакцина жасалғаннан соң, барлығына арнайы жадынама қағазы беріледі. Вакцина салынбаған күннің өзінде алкогольді өнімді тұтыну мен шылым шегу ағзаға зиян. Мұндай іс-әрекеттерге вакцина салынғаннан кейін екі есе жол берілмеуі тиіс. Сонымен қатар вакцина алғаннан кейін үш күн ішінде ыстық жерге шомылуға, суық тигізуге болмайды", - деді Тимур Мұратов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде