Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Екатеринбор-Алматы» тас жолындағы апаттан 5 адам көз жұмды
Ақмола облысының аумағында «Екатеринбор-Алматы» тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам көз жұмды, оның 2-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
20:34 01.02.2021
Ведомствоның мәліметінше, қаңтардың 31-де Астрахан аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 23:22 шамасында Жамбыл ауылы маңында жол апаты туралы ақпарат түсті.
«Анықталғандай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 1179 шақырымында Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған «ВМW X5» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан «КамАЗ» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі, 2 әйел жолаушысы мен 2 бала алған дене жарақатынан оқиға орнынды көз жұмды. Кәмелеттік жасқа толмаған тағы 2 бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасына жатқызылды», - деді ведомстводан.
Сот медициналық-сараптама «ВМW X5» көлігінің жүргізушісі оқиға болған кезде сау болғанын көрсетті.
«Қазіргі кезде, осыған байланысты ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі «көлік құралдарын басқарған тұлғаның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деп толықтырды ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram