{metadescription}
Косметолог Көкшетау тұрғынының бетін күйдіріп, тыртық қалдырған

Косметолог Көкшетау тұрғынының бетін күйдіріп, тыртық қалдырған

Көкшетау қаласының тұрғыны сұлулық салонына барғаннан кейін беті қатты күйіп, тыртық қалған.

Әйел полицияға шағымданды. 

"Осы жылдың 29 қаңтарында Көкшетау қаласының полиция басқармасына Бурабай ауданының зардап шеккен 36 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті. Әйел Щучинск қаласындағы сұлулық салонының маманына барған, тәжірибесіз косметологтың манипуляциясы клиенттің терісіне зақым келтірген", - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Шағымданушының айтуынша, косметикалық процедураны қабылдағаннан кейін, оның беті қатты күйіп, терісінде терең тыртықтар қалдырған. Аталған фактіге байланысты полицейлер денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығын анықтау бойынша сараптама тағайындады.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 114-бабының 3-бөлігі "денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды, тексеру жүргізілуде", - деді ведомствода.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде