Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда 20 көлік өртеніп кетті
Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды.
09:34 03.02.2021
Он бес көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды. Алматының Бостандық ауданы Сәтбаев көшесінде көлікке қызмет көрсету орталығынан өрт шықты. Сейсенбі күні сағат 21.52-де өрт сөндіру қызметіне хабар түсті, деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Өрттің жақын маңдағы гараждар мен жанармай бекетіне ауып кету қаупі болды.
Алдын ала болжамға сәйкес, 20-ға жуық көлік өртеніп кеткен. Ыстық температура әсерінен тағы төрт машина зақымданды. 15 көлікті ғимараттан алып шығу мүмкін болды. Өртті сөндіруге екі сағат уақыт кетті. 23:09-де ауыздықталып, 23:47-де сөндірілді.
Қызыл жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттың жалпы аумағы - 1 300 шаршы метр. Оған жету үшін эвакуатор көмегіне жүгінуге тура келді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram