Қазақстанда күн жылынады
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.
12:08 03.02.2021
Синоптиктердің мәліметі бойынша, ел аумағында қатты жауын-шашын болып, ауа температурасының жоғарылауы байқалады.
"Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстан аумағына ығысады. Ол өзімен бірге жауын-шашын әкеледі, тіпті солтүстік аймақтарда қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ, тұман және бүкіл ел бойынша температуралық фон көтеріледі деп күтіледі", - дейді синоптиктер.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!