Павлодарда антисептик ішкен 17 жасар қыз көз жұмды
Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды.
13:37 03.02.2021
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол "Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына" ес-түссіз күйде жеткізілді.
"Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жансақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді", - деді басқармада.
2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен.
Оларға толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды.
Қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан "Антисептик - МД-1" затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.
"Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 ақпан күні сағат 20:30-дан кейін қыздар жедел жәрдем шақырған", - деді басқармада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!