Эстрада жұлдыздары, тележүргізушілер мен блогерлер қазақстандықтарға үндеу жасады
Эстрада жұлдыздары, танымал тележүргізушілер мен блогерлер Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарованың бастамасымен әлеуметтік роликке қатысты.
13:23 03.02.2021
Қазақстандық онкологтардың әрекетін қолдағандар: Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Баян Мақсатқызы, Жеңіс Ысқақова, Рүстем және Алинұр Нұржігіт, Айгүл Мүкей, Сагнай Абдуллин, Айбек Жансейітов (Бүркіт), Елена Исаева, Аида Кауменова, Жанна Орынбасараба және Айсауле Бақытбек. Олар халықты міндетті түрде тегін онкоскринингтен өтуге шақырады.
Қатерлі ісіктің кең таралған түрлерін ерте анықтаған кезде онкологиялық скринингке тұрғылықты жері бойынша емханаларға баруға болады (тіркелген жері бойынша).
- Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі. 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер. Екі жылда бір.
- Жатыр ісігі бойынша скрининг. 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер. Төрт жыл сайын.
- Колоректальды қатерлі ісікке арналған скрининг (тоқ ішектің және тік ішектің қатерлі ісігі). 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер. Екі жылда бір.
4 ақпанда Халықаралық қатерлі ісікке қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аталып өтуде. Қазақстанда жыл сайын қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Бүгінгі күні диспансерде 180 мыңнан астам онкологиялық науқас тіркелген. Жыл сайын қатерлі ісіктен 14 мың адам қайтыс болады.
Қазақстанда кең таралған қатерлі ісік аурулары: сүт безі қатерлі ісігі, өкпе, асқазан, жатыр мойны және тік ішектің қатерлі ісігі. Қазақстандықтар үшін онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және оны мемлекет толық қаржыландырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!