Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында әкім ұсталды
Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешов ұсталды.
14:41 03.02.2021
Ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.
"Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген агенттік ақпаратында.
Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Шенеуніктер "мердігер ұйым директорынан орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 10 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінгені" айтылған.
Серікжан Ерекешев аудан әкімі қызметіне бұрынғы әкім қайтыс болған соң 2020 жылдың тамызында тағайындалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram