«ҚазАвтоЖол» қазақстандықтарға ескерту жасады
«ҚазАвтоЖол» ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады.
16:19 03.02.2021
«4-8 ақпан аралығында ауа райының қолайсыз жағдайларына, атап өткенде, қалың қар, бұрқасын, қар аралас жаңбыр мен көк тайғақтың болжануына байланысты және төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында алыс сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз. Жолға шыққан жағдайда, қауіпсіз маршрутты таңдау, жол ережелерін сақтау, қауіпсіз ара қашықтық пен жылдамдықты ұстану қажеттілігі туралы ескертеміз», - делінген хабарламада.
Кез-келген күрделі жағдайда «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 1403 нөміріндегі байланыс орталығына немесе 102, 112 нөміріндегі төтенше қызметке хабарласуға болады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!