Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жантүршігерлік жол апатынан 32 адам мерт болды
Уганданың батысында жоғары жылдамдықты тасжолда бес көлік соқтығысып, 32 адам қаза тапты.
17:21 03.02.2021
«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жоғары жылдамдықты Форт-Портал – Касесе тасжолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында мерт болды, тағы бес адам ауыр жарақат алды», - деп мәлімдеді Уганданың Қызыл Крест өкілі Иран Накасита.
Куәгерлердің айтуынша, жол апатына жүк көлігін жүргізуші себеп болған. Ер адам рульге ие бола алмаған. Автокөлік шанағында адамдар болған. Полиция апаттың жай-жапсарын тергеуді бастады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram