Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кемінде 2 жыл сақталады
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты.
18:49 03.02.2021
«Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық журналдардың бірі Lancet «Спутник V» вакцинасының SARS-CoV-2 коронавирусты жұқтыруға қарсы тиімділігі 91,6 пайызды құрайтындығын жариялады. Бұған қоса, «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитеттің кемінде 2 жыл сақталатындығы дәлелденген. Сонымен қатар вакцина коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» сынды жаңа штаммдарына қарсы тиімді екендігі де маңызды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.
Мұнан бөлек, вакцинаны әзірлеушілер «Спутник V» вакцинасы COVID-19-дың орта және ауыр өтуінен де қорғайтындығын атап өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram