{metadescription}
Өлді деп саналған ер адам жерлеу рәсімінен 20 күннен соң тірілген

Өлді деп саналған ер адам жерлеу рәсімінен 20 күннен соң тірілген

Санта-Сария-да-Фейра атты Партугалия қаласының егде тартқан тұрғыны өз жерлеу рәсімінен кейін 20 күн өткеннен кейін тірі қалған.

92 жастағы қарияны респираторлық ауру белгісімен ауруханаға жатқызған. Ол екі ай ауруханада жатқан. Осы уақытта ол тағы бір коронавирустық инфекция жұқтырып үлгерген. 10 қаңтарда дәрігерлер пациенттің туыстарына оның қазасы жайлы хабарды жеткізген. Жерлеу рәсімі екі күн өткен соң жүргізілді. Коронавирустық шектеулердің енгізілуіне байланысты отбасы оның денесін қаралы күні көре алмаған. 

Алайда 20 күн өткен соң аурухана қызметкерлері "марқұмның" туыстарына шатасып қалғандарын айтып, қарияның тірі екенін хабарлаған. Отбасы қатты таңғалған. Алайда медицина қызметкерлерінің шатасуына түсіністікпен қараған. Себебі Португалияда ауруханалар пандемия әсерінен науқастарға толы болған. 

Дегенмен, ер адамның туыстары болашақта мұндай қателіктер қайталанбайды деп үміттенеді. Медициналық мекеме қызметкерлері шын мәнінде қайтыс болған адамның туыстарымен байланысып, оларға қаралы хабарды жеткізді.

 Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.