Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 13 адам қайтыс болды
Бүгінгі күні коронавирус жұқтырған 259 науқастың жағдайы ауыр, тағы 53 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
11:12 04.02.2021
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды. Оның ішінде, 11 науқас COVID-19 ауруынан, екі емделуші коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің 4 ақпандағы мәліметі бойынша, бүгінгі күні 27 886 адам коронавирусқа қарсы ем алып жатыр. Оның ішінде, 5 799 науқас стационарларда, 22 087 азамат амбулаториялық деңгейде емделуде, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
COVID-19 пен пневмония жұқтырғандардың ішінде:
259 науқас ауыр жағдайда;
57 науқас аса ауыр жағдайда;
53 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
2021 жылдың 3 ақпанында коронавирус белгілері бар пневмония ауруының 82 жағдайы тіркелген. Жалпы 253 адам жазылды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 087 науқас тіркелсе, 573 адам осы инфекциядан көз жұмған, барлығы 36 482 адам сауығып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram