Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
4-8 ақпан аралығында жолға шықпауға кеңес берілді
Ақмола облысының тұрғындарына биылғы жылғы 4-8 ақпан аралығында алыс сапарларға шықпауға кеңес берілді.
14:02 04.02.2021
Ведомствоның мәліметінше, мұндай ескерту жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін беріліп отыр.
«2021 жылдың 4-8 ақпаны аралығында өңірде қарлы боран, жаңбыр жауып, көктайғақ болатыны күтілуде. Осыған байланысты жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жол полицейлері жүргізушілерге жеке автокөлікпен аса қажеттіліксіз жүрмеуге кеңес береді. Егер сапарды кейінге қалдыру мүмкін болмаса, қозғалыс ережелерін қатаң сақтау керек, жылдамдықты барынша төмендету, қашықтықты, бүйірлік аралықты сақтау, жаяу жүргіншілерге көбірек назар аудару, мұқият және абай болу керек», - деп түсіндірді ведомстводан.
Полиция қызметкерлері штаттан тыс жағдай туындаған кезде 102 және 112 арнайы желілері бойынша хабарлауға болатындығын еске салады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram