{metadescription}
Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 ақпанда Алматы уақытымен 12 сағат 39 минут 25 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 209 шақырым қашықта Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.3. Магнитудасы – 3,8. Тереңдігі - 10 шақырым. Сезілу туралы (МSК-64 шкаласы бойынша) мәліметтер түскен жоқ.

Сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық стансалар желісі 12 сағат 23 минут 51 секундта еліміз аумағында - Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 230 шақырым жерде болған тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Энергетикалық санаты - 8,9. MPV магнитудасы - 4,2 . Тереңдігі - 15 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.

Ал 12 сағат 58 минут 27 секундта зілзала Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 км жерде Қытай аумағында тіркелді. Энергетикалық санаты – 9,7. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түспеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде