{metadescription}
Елордалық жігіт 12-қабаттан секірмек болды

Елордалық жігіт 12-қабаттан секірмек болды

Нұр-Сұлтан қаласында 26 жасар жігіт көпқабатты тұрғын үйдің балконынан секірмек болған.

"102" жедел басқару орталығы пультіне Н.Тілендиев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 12 қабатынан жігіт секіргелі тұр деген хабар келіп түсті.  Хабарламадан соң оқиға орнына шұғыл түрде полиция құрамы жетті. Полицейлер жеткен сәтте жігіт 12-ші қабаттағы балконға шығып секіруге дайын тұрған. Бір полицей өзіне қол жүмсамақ болған жігітті сөзге тартып, алаңдатқан сәтте, басқалары секірмек болған жігітті ұстап үлгерді", - делінген Polisia.kz таратқан хабарламада. 

Медициналық тексеруден кейін анықталғандай 26 жасар елорда тұрғыны мас болған. Жігіттің ішімді ішуіне және суицид жасауына отбасылық кикілжің себеп болған. Құтқарылған азамат полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған психологиялық көмек көрсетілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.