Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі қашан болатыны белгілі болды
ESPN Deportes мәліметінше, Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектер трилогиясының соңғы бөлігі биылғы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін.
16:42 04.02.2021
Алайда Головкиннің мексикалық спортшы Хайме Мунгиямен мамыр айында жоспарланған айқасында басым түсуі бұның міндетті шарты болып отыр. Аталған жұдырықтасудың жеңімпазы рингте Альвареске қарсы шығу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
"Ресми келіссөздер әлі жүргізілмегенімен, барлық тараптардың, сондай-ақ екі боксшы мен олардың жекпе-жегін көрсететін DAZN стримингтік платформасы қызығушылық білдірген. Егер Головкин жеңіске жетсе, онда ол қыркүйек айында Канеломен үшінші жекпе-жекке шығады, ал егер Хайме жеңсе, алдағы уақытта Альвареске қарсы жекпе-жекке шығатын жаңа жұлдыз болмақ", - деп жазады ESPN Deportes дереккөзі.
Головкин-Мунгия арасындағы жекпе-жектің өткізілуіне боксшылардың тараптары да, DAZN стримингтік қызметі де қызығушылық танытып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram