{metadescription}
Цой ШҚО-да қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

Цой ШҚО-да қаза тапқан дәрігерлердің отбасына көңіл айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан жедел жәрдем дәрігерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұжымының атынан және жеке өз атымнан Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында қаза тапқан жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлерінің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды министр Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, бұл трагедия дәрігер болудың қаншалық қауіпті екенін көрсетті.

"Ауа-райының қолайсыздығына, жұмыстың ауырлығына, шаршағанына қарамастан, дәрігерлер өз кәсібін қашан да адал атқарады. Өкінішке қарай, науқас өмірін құтқаруға шыққан шұғыл қызмет бригадасының дәрігері мен фельдшері - Болат Қапсаметұлы Әзілханов пен Бейбіт Төлеуғазыұлы Ғабдуллин көз жұмды. Қайғылы оқиға медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі жайлы тағы бір ойлануға түрткі болып отыр", - дейді Цой.

Ол қазір Семейдегі ауруханада жансақтау бөлімінде жатқан жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің тезірек сауығып кетуін тіледі. Еске салайық, 3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында тасжолдағы апаттан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.