Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Eкі автобус соқтығысып, 17 адам қаза тапты
Екі жолаушылар автобусы Кумаси және Тамале қалаларын жалғайтын тас жолда соқтығысқан.
19:43 04.02.2021
Гананың солтүстігінде жол апаты салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 44 адам зардап шекті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі бүгін жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
«Апат Буйпе елді мекенінің жанындағы Кумаси мен Тамале қалаларын жалғайтын автомагистраль бойымен қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жолаушылар автобусының соқтығысуынан болды», - делінген хабарламада.
Оқиға орнында 16 адам қайтыс болды, тағы біреуі ауруханада көз жұмған. Екі автобустың салонында болған 44 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алып, қазіргі уақытта Буйпе медициналық мекемелерінде емделіп жатыр. Полиция апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram