Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды
Ер адам алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі Игнушетия аумағында жасаған.
09:07 05.02.2021
Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елордалық полицейлер халықаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады. Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ресей азаматы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұсталған.
"63 жастағы күдікті аса ірі көлемде ақшалай қаражат жымқыру мақсатында ингушетиялық банк бөлімшесіне барған. Ол көрінеу жалған ақпарат ұсыну арқылы 10 миллион рубльге несие алу туралы өтініш білдірген. Алайда, қаражатты алған соң, ізін суытты. Ингушетия ішкі істер министрлігі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады астаналық полиция департаментінде.
Қазір ұсталған шетел азаматы уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Ол өз еліне экстрадациялау бойынша шешім күтіп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram